Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті

Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Бұрын олардың жалақысы 152 мың теңге болса, бүгінде 257 мың теңгеге дейін өсіп, жалпы 1,5 миллион теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты емес, конкурстардың нәтижесіне байланысты болатын. Енді қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың еңбекақысы (1200 адам) базалық қаржыландыруға қосылды.

Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы –338 млн теңге болды. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен кіріс 16,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар 2021 жылы министрлік «Үздік зерттеуші» байқауын өткізіп, оның қорытындысы бойынша 50 жеңімпаздың әрқайсысы 6 миллион теңгеден алды. Докторанттардың шәкіртақысы 2019 жылғы 82 000 теңгеден биыл 195 000 теңгеге дейін өсті.

Кейінгі екі жылда министрлік 130 жобаны жүзеге асырса, оның 120-сы сатылымға шықты. Ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелерін экспорттау көлемі 346 миллион теңгеден асты. Отандық ғалымдардың жобасы Қазақстанда ғана емес, Қытай, Ресей, Түркия, Чехия және тағы басқа нарықта да сұранысқа ие.

Білім және ғылым министрлігі кадрлық әлеуетті нығайтуға, зерттеуші ғалымдарға қажет жағдай жасауға баса назар аударып отыр. Басқарма ғалым мамандығын қаржылық тұрғыдан тартымды ету және маңызды ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асуына кепілдік беру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Кейінгі екі жылда жас ғалымдардың саны мың адамға өсті. 2018 жылы олар 8 мыңға жуық адам болса, 2021 жылы ғылым саласында 9200 жас жұмысшы еңбек етіп жүр.

Айта кету керек, Қазақстанда барлығы 396 ғылыми ұйым бар. Оларда 22 665 адам жұмыс істейді. Олардың 54%-ы – әйелдер.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...