Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 5,6 және 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына Оңтүстік циклон әсер етеді. Жел соғып, жаңбыр жауады. 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

«7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +18+26 градустан +23+31 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23 градустан +20+28 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Маңғыстау облысында +23+28 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31 градус, елдің орталығында +20+28 градус, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33 градус республиканың шығысында ауа температурасы +22+29 градус, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градустан +25+33 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33 градус, таулы аудандарда +23 градус болады деп күтіледі», — делінген хабарламада.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...