Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілі Қазақстанда алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін жасырынып қалып, телефондарын өшіріп тастайды», — делінген хабарламада.

2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...