Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрманбетова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан Үкімет сағаты барысында мәлімдеді. Депутат әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды ұсынып отыр.

«Тәуелсіздік табалдырығында енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдалану жалғасып келеді. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болар. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды мақсатқа сай деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс, не ең төменгі жалақы мөлшері шамасында», — деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағаты отырысында.

Нұрманбетованың айтуынша, биылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20 пайызға жеткен.

«Яғни, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі енді азаматтарды тиісті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын бастауды ұсынамыз», — деп қорытындылады депутат.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.