12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды

Барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам адам ұсталады. “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 адам жазадан босатылды, тағы 1 102 сотталғанға жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты.

Соттың шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар дереу босатылуға жатады. Бұған дейін өткен рақымшылықтар қаулының заңды күшіне енуін күтуді көздейтін және сотталғандар 15 күн өткеннен кейін ғана пенитенциарлық мекемелерден босатылуы мүмкін болатын.

Бұл ізгілік актісі қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаға тартылған адамдарға да қолданылады.

Жазадан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрғандардың саны бүгінде 1 741 азаматты құрайды. Соттар жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы шешімді 1,7 мың есепке алынған адамға қатысты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, рақымшылық актісі қылмыстық-құқықтық қатынастардың белгілі бір аспектілеріне ғана қатысты. Ол азаматтарды оңалтуға емес, тек қылмыс жасаған адамдардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған.

Рақымшылық жазадан толық немесе ішінара босатудан, неғұрлым жеңілге ауыстырудан немесе қылмыстық қудалауды тоқтатудан тұрады.

Айта кету керек, ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады, әлеуметтік осал топтарға – кәмелетке толмағандарға, әйелдер мен егде жастағы ер кісілерге, мүгедектігі бар адамдарға (1 және 2-топтар) ерекше көңіл бөлінеді.

Өткен жылдан бастап ҚАЖ бөліністері сотқа 11 мыңнан астам материал жіберді: мекемелерден – 2 310, пробация қызметінен  – 9 321 материал жолданды.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...