Қазақстанда 2023 жылдан бастап мектеп формасы қалай өзгереді?

Алматы мен республика бойынша 2023 жылдан бастап мектеп формасына талаптар өзгерді. Мектеп формасы бұған дейінгідей білім берудің зайырлы сипатына сай болады, бірақ белгілі бір өзгерістер пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматының білім басқармасы рухани-адамгершілік тәрбие бөлімінің басшысы Нұргүл Тау оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған бұйрығын түсіндірді.

Қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасына түймелері немесе сыдырмасы бар трикотаж кардиган/күрте, поло жейде немесе тенниска қосылған.

Ер балаларға арналған мектеп формасы:

• пиджак, желетке, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қыс мезгілінде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыз балаларға арналған мектеп формасы:

• пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

«Мерекелік формаға (ұлдарға ақ жейде, қыздарға ақ блузка) қойылатын талап алып тасталды. Сонымен бірге, галстук тағу енді міндетті емес. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және басқа) орналастыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасына арналған маталар ретінде сапасы жақсартылған, тез тозбайтын, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарды қолданған жөн», — делінген хабарламада.

Бұрын бұл міндетті талап болатын. 2023 жылдан бастап Алматыда және республика бойынша мектеп формасына қойылатын талаптар өзгерді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...