12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар — «Отбасы банк» басшысы

«Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы баспана иелерінің статистикасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметінше, 2021 жылдың аяғында 6,3 миллион адамның меншігінде үй бар. 19 миллион халық бар десек, соның ішінде 6,3 миллион деген жаман статистика емес. Егер бізде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар болып шығады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 миллион адамның басында бір баспанадан бар», — деді «Отбасы банк» басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда 717 мың тұрғында екі баспанадан бар. Оның ішінде 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз — 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар.

«Шамамен 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар. Бұл 6,3 миллион пәтерге шамамен 4,3 миллион отбасы иелік етеді», — деп түйіндеді Ибрагимова.

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...