12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫ: САННАН САПАҒА ҚАШАН КӨШЕДІ?

Елімізде республикалық маңызы бар жолдар жайы сын көтермейді. Олардың 50 пайызы ескі. Яғни, барлық 24 мың шақырым жолдың 12 мың шақырымы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жалпы, дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында. Бұл Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында белгілі болды.

Жиында Қазақстандағы жол құрылысы мен жөндеу саласындағы өзекті мәселелер талқыланған болатын. Оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, «Қазақстан темір жолы», «ҚазАвтоЖол» ұлттық компанияларының басшылары, сондай-ақ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан автожолшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Жиын тізгінін Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев ұстады. Ол өз кезегінде жол құрылысына қатысты мәселенің өзектілігіне назар аудартты. Казанцев мырза жол сапасы еліміздің әр тұрғынын алаңдатып отырғанын, жалпы жолдар – экономиканың күре тамыры, өңірлерді дамытудың ең маңызды шарты және өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер ететінін айта келіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіру қажеттігін атап көрсетті. Депутаттар алдында Қазақстан жол саласының жай-күйі туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасап, еліміздегі жол құрылысы мен жөндеу саласының жайы, атқаралып жатқан жұмыстар жоспары жайлы есеп берді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін шамамен 1000 шақырым жол пайдалануға беріледі. Қалған 3 мың шақырым жол құрылысы 2023 жылы аяқталмақ. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында министрлік жол саласына реформа жүргізбек. Осыған орай құзырлы орын автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға бірнеше бағыт бойынша түзетулер пакетін дайындапты. Олар болашақта автожол жобаларын іске асыру кезінде «Саннан сапаға» қағидатының құқықтық негіздерін енгізуді көздейді. Бірінші, ғылымды, материалдардың электрондық базасын және жаңа технологияларды дамыту. Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты базасында жаңа технологиялар мен жолқұрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылды. Қазір карьерлер, битум зауыттары материалдарының сапасы, сондай-ақ, жаңа технологиялар, климат ерекшеліктері, геологиялық және гидрогеологиялық деректер бойынша ақпарат жинақталуда. Аталған институт қозғалыс қарқындылығын, есептік жүктемелерді ескере отырып, әрбір өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастыратын болады. Бірыңғай базаның бастапқы деректері жобалау және салу кезінде басшылыққа алынады. Екінші, нормативтік базаны жетілдіру. Бүгінгі таңда Қазақстанда автожол саласында 1200-ден астам стандарттар мен нормативтер бар. Оның ішінде Кеңес Одағы кезінен бастап пайдаланып келген нормативтік құжаттар бар. Реформалау шеңберінде министрлік нормативтік базаны қалыптастыру тәсілдерін өзгертуде. Болашақта ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми зерттеулер, зертханалық зерттеулердің қорытындылары, тәжірибелік учаскелер мен пилоттық жобалардың ұзақ мерзімді мониторингінің нәтижелері ескерілетін болады. Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты нормалардың біріздендірілген ұлттық стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың нақты бөлінген басымдығы бар. Шамамен 50-70 жетілдірілген құжаттан тұратын нормативтік-техникалық құжаттардың жаңа біріздендірілген жүйесін құруда. Жол саласына жаңа технологияларды енгізуді ескере отырып, оларды жедел өзектендіру жүзеге асырылатын болады. Үшінші, жол жобаларын сапалы іске асыру. Сөз алған депутаттар жол құрылысы мен жөндеу саласына қатысты орынды сын айтты. Мәселен, жиында қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау жоғарыда аталған республикалық маңызы бар жолдардың жартысының жөндеуді қажет ететініне қынжылыс білдіре келіп, құзырлы орынның кейбір жоспарларының орындалу мүмкіндігіне күмән келтірді. Мысалы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасында 2025 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100 пайызға дейін ұлғайтылатыны айтылған. Депуататтың айтуынша, бұл мүмкін емес. Өйткені, ұлттық жобада қарастырылған 40 жобаның 18-ін (45 пайызын) жүзеге асыру тек 2025 жылдан бастап жоспарланған. «2025 жылдың өзінде «Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ» тас жолының 398 шақырымдық Қарағанды – Успен – РФ учаскесін жөндеу, «Шалқар – Бозой – Өзбекстан» 242 шақырым тасжолының құрылысы, еліміздің орталығы мен оңтүстігін байланыстыратын Жезқазған – Арқалық жолының кей жеріндегі грейдерлерді жөндеу секілді ірі жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдерін немесе жоспарланған көрсеткіштің өзін қайта қарау қажет дегенді білдіреді. А.Рау мырзаның айтуынша, құрылысқа халықаралық несиелердің ұзартылуын Есеп комитеті белгілейді. Бұл бағамдық айырмашылық пен пайыздық төлемдер есебінен жоба құнының артуына әкеледі. Мәселен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша 2015–2024 жылдар аралығында несие 4 рет ұзартылған. Сондықтан депутаттар уәкілетті орган облыс әкімдіктерімен және «ҚазАвтоЖолмен» бірлесе отырып, жоспарланған жол жобаларын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуі керек деп есептейді. Альберт Рау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде көрсетілген жергілікті жолдардың 80 пайызы қанағаттанарлық деген көрсеткішке де күмән келтірді. Оның айтуынша, зерттеу нәтижесі жергілікті маңызы бар жолдардың 18 мың шақырымында немесе 26 пайызында ғана асфальт-бетон жабыны бар екенін көрсетіп отыр. Ал қалған 74 пайызы қиыршық тас, топырақпен жабылған. Ол мұндай жағдайлардың себептерінің бірі – битумның жетіспеушілігі. Мұнай өндіретін елімізде бұл материалдың тапшылығы 2022 жылы 200 мың тоннаны құрайды. Мұндай жағдайда жолдардың сапасын бағалау критерийлерін қиыршық тасты және топырақты жолдарды қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар қатарына жатқызу дұрыс емес.

Төмен көрсеткіш себептерінің бірі – жолдарды салу мен жөндеудің барлық кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық. «ҚазАвтоЖол» ұсынатын Автомобиль жолдары комитеті мен жол саласының бірыңғай операторы атқарылған жұмыстар мен пайдаланылған материалдардың сапасы бойынша жыл сайын көтерілетін мәселені шешетін кез жетті. Ал, автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» басшыларының орындалған жұмыс сапасындағы анықталған заңбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,