Қазақстан Украинаға құны 2,2 млн АҚШ доллары болатын медициналық дәрі-дәрмек жіберетін болды

Гуманитарлық қызмет – Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты. Еліміз түрлі себептерге байланысты күрделі гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттердің халқына әрқашан мүмкіндігінше көмек көрсетуге ұмтылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады.

Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Қазіргі уақытта аталған жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Жүкті Украина аумағына тікелей жеткізу мәселесі қауіпсіздік тұрғысынан өте қиын болып тұр. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға жіберілген халықаралық гуманитарлық көмекті алу және бөлу хабтары орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....