«Қазақстан-туған жерім, туған елім!» атты бірыңғай тәрбиелік іс-шара

«Қазақстан Республикасы күні» мерекесіне орай ҚР ІІМ ҚАЖК №16 мекемесі жанындағы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Қазақстан-туған жерім, туған елім!» атты бірыңғай тәрбиелік іс-шара өткізілді.

«Тәрбиелік шараның өткізілу мақсаты оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту» дейді директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Баймолдина К.Т.

Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке болғандықтан, мектеп қабырғасында мемлекеттік әнұран шырқалды.

Мерекелік шарада мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері оқушыларды 13 жылдан кейін алғаш тойланып отырған Республика күнімен құттықтады. Оқушылардың назарына еліміздің осы күнге дейінгі елеулі өзгерістері мен жеткен жетістіктерін ұсынып, атаулы жылдарды сөйлете отырып, тамыры терең тарихтың қойнауына сапар шеккізіп қайтты. Аталған ұлттық шараға мектеп оқушылары толығымен қатысып, жоғары деңгейде өтуіне себепкер болды.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...