Қазақстан тарихта алғаш рет FIFA-дан әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан тарихта тұңғыш рет Fifa Nations Series 2022 әлем чемпионатына жолдама алды, — деп хабарлайды «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы.

Арнаның мәліметінше, құрамында Ақназар Бексейітов (Қарағанды) пен Олжас Есентаев (Жезқазған) бар ұлттық құрама FIFA-ның ең жақын сервері БАӘ-де орналасқандықтан, Дубайға барып іріктеу додасыннан өтіп қайтқан.

Онда қазақстандықтар екі іріктеу кезеңінен өтіп, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған үздік үш команданың қатарына енді.

Іріктеуде құрама құрамында 2018 жылғы әлем чемпионы және FIFA нұсқасы бойынша жылдың екі дүркін жеңімпаз ойыншысы ойнайтын Сауд Арабиясының командасын жеңді.

Финалдық кезең даниялық Копенгагенде 27-30 шілде аралығында өтеді. Онда 24 команда ойнайды. 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 400 мың доллар.

Fifa Nations Series 2022-EA SPORTS 2v2 форматындағы FIFA 22 футбол тренажері бойынша халықаралық спорттық турнир. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен Футбол Қауымдастықтарының құрама командалары қатысады. Fifa Nations Series FIFA халықаралық футбол федерациясының ресми турнирі. 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. 

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...