Қазақстан суицид бойынша әлемде 20-орында тұр – ДДСҰ

ДДСҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-орында тұр, ал 10-19 жастағы жасөспірімдер арасында 10-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бес жыл бұрын ДДСҰ өзіне-өзі қол салудың алдын алу үшін әлемдік деңгейде өз бастамасын іске қосты. Бір немесе бірнеше суицид туралы БАҚ хабарларына тікелей байланысты жүзден астам зерттеулер жүргізілген. Мамандар өзіне-өзі қол салуды кеңінен жариялау қосымша суицидтік мінез-құлық қалыптастыратынын айтуда. Өз-өзіне қол салудың қазіргідей таралуы және құрбан болғандардың туыстарынан сұхбат алу, суицидтердің егжей-тегжейлі сипатталуы оны қарапайым құбылыс ретінде қабылдауға итермелейді. Сондықтан бұл жерде БАҚ-тың, блогерлердің, пікір көшбасшыларының рөлі өте жоғары. Мұндай оқиғаларды жариялауда үлкен жауапкершілік таныту керек. Осыған байланысты қазақстандық Медиа Альянс Еуропалық Одақтың қолдауымен панельдік пікірсайыс өткізуге бастамашы болды. Бұл тақырып ЕО жұмысының негізі ретінде адам құқықтары мәселелерінің бір бөлігі болып табылады», — деп атап өтті Қазақстан Медиа альянсы «БАҚ-тың суицидті жауапты жариялауы» атты панельдік сессияда.

Ал 2021 жылы Қазақстанда суицидтің 3922 жағдайы тіркелген.

ДДСҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-орында тұр, ал 10-19 жас аралығы бойынша 10-орынға тұрақтаған.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі былтырдан бері бүкіл өңірде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізе бастады. Бағдарлама 6 өңірде қарқынды іске асырылып жатыр.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.