Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирін аяқтады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы жарысын аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нидерландыда өтіп жатқан кәрі құрлық турнирінің ширек финалында Рикардо Кака баптайтын жерлестеріміз Украина футзалшыларына есе жіберді.

Бірінші таймның 14 минутында Игита қақпасына пенальти белгіленіп, Петр Шотурма нүктеден мүлт кетпеді. Үзілістен кейін шығыс еуропалықтар тағы екі гол соғып кетті. Украина тарапынан 24 минутта Игорь Корсун есепті еселесе, араға бес минут салып Михаил Зварич бос қақпаға допты дәл тастады.

Кездесудің 33 минутында Дуглас есеп айырмасын қысқарта алды. Тіпті матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Біржан Оразов еуродағы кезекті голын салды. Үміт оты қайта жана бастағанда украиналық ойыншылар тағы да ерекшеленді. Бұл ретте Қазақстан құрамасы паркетке қақпашы Игитаның орнына бесінші ойыншыны шығарғанын айта кеткен жөн. Соған қарамастан, кездесу соңына дейін намысқа тырысқан қазақ командасы тағы гол соқты. Төрешінің ысқырығы шалынуына 44 секунд қалғанда Біржан Оразов дубль авторы атанды. Қорытынды есеп 3:5.

Осылайша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын орта жолда аяқтауына тура келді. Ал жеңіске жеткен Украина құрамасы жартылай финалда Ресей мен Грузия жеңімпазымен кездеседі.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....