Қазақстан неге базалық мөлшерлемені төмендетпейді? Ұлттық банк басшысы жауап берді

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан базалық мөлшерлемені неге төмендетпейді деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы кейбір сарапшылар шынымен Қазақ­стан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемесін салыстыратынын айтты.

«Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті», — деді ол.

Ол Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отырғанын, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болғанын, бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс екенін айтты.

«Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақ­станда рецессия күтілмейді, кері­сін­ше, іскерлік белсенділіктің, сұра­ныстың өсуі жағдайында қосым­ша фискалдық импульс аясында инфля­циялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр. Осы орайда Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшер­лемелерді салыстыру дұрыс емес», — деді ҰБ төрағасы.

Айта кетейік, ақпанның аяғында Ресейдің Орталық банкі директорлар кеңесінің шұғыл отырысында негізгі мөлшерлемені бірден 20 пайызға дейін көтерді. Кейін 17 пайызға, 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Мамырда негізгі мөлшерлеме 11 пайызға дейін төмендетілді.

Ал Қазақстанның Ұлттық банкі маусымның басында базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...