Қазақстан Ұлттар лигасындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы матчында Беларусьпен тең ойнады, — деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Кездесу Сербияның Нови-Сад қаласындағы алаңда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

13-минутта шабуылшы Абат Айымбетов биылғы маусымдағы үшінші голын соғып, Қазақстанды алға шығарды. Жартылай қорғаушы Ян Вороговский өз есебінен голдық пас жасады.

84-минутта Владислав Малкевич таразы басын теңестіргенше ұзақ уақыт табло өзгерген жоқ.

Осылайша, үш ойыннан кейін «С» тобындағы 3 себетте 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орында қалды. Екінші орында сырта алаңда Әзірбайжан құрамасын жеңіп, 6 ұпай жинаған Словакия құрамасы жайғасты. Ал қоржындарында 2 ұпайы бар Беларусь үшінші, 1 ұпайы бар Әзербайжан төртінші сатыда. 

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Словкаияға қарсы өткізеді. Ойын 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады. 

Еске салайық, біз Беларусь құрамасына қарсы осымен алтыншы рет ойнады. Екі мәрте тең, төрт рет жеңілді. 

«Бәрі бекер!»: Боқаев гранит тақталарды сәтсіз түсірген орындаушыларды балағаттады

Кезекті сот отырысының іс материалдарын зерттеу барысында Боқаевтың мобилографы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін, мемлекеттік...

Судья әдебі — сот беделінің негізі

Судья әдебі - сот билігінің беделін айқындайтын маңызды өлшемдердің...