Қазақстан өлім жазасын жою туралы басты халықаралық құжатқа қосылу процесін аяқтады

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификация жөнінде құжатты БҰҰ хатшылығына сақтауға тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл қадам еліміздің адам құқықтарын қорғауға және осы саладағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға деген берік бейілділігін растайды.

Қазақстан хаттамаға қосылған БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің ішінен 90-шы мемлекет болды.

Қазақстанның осы халықаралық құжатқа қосылу жолындағы алғашқы қадамы оның 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қоюы болды. Содан кейін былтыр 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы құжатты ратификациялау туралы Заңға қол қойған болатын. 

Хаттама ережелеріне сәйкес елдің ұлттық қылмыстық заңнамасын хаттама нормаларына сәйкес келтіру талап етілді.

Былтыр 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

«Осылайша, екінші Факультативтік хаттамаға қосылу Қазақстанда өлім жазасының толық жойылуын бекітіп, қылмыстық заңнаманы жалпы ізгілендіру бағытын жалғастырды.

Өлім жазасын қолдану Қазақстан Республикасында ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен тоқтатылды. Биыл 16 наурызда Қазақстан халқына жасаған «Жана Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажет» деген ұсыныс жасаған болатын», — делінген хабарламада. 

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.