Қазақстан күнтізбесіндегі мерекелік күндерге тағы екі мейрам қосылады

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне қосымша әзірледі. Енді елімізде екі жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлер күні;

19 желтоқсан – Жарнама мамандарының күні.

Ведомство өкілінің мәліметінше, Қазақстан кәсіпкерлері үшін ресми мерекені енгізу қазақстандықтар үшін өзекті әрі маңызды болмақ.

Жаңа мерекелік күн кездейсоқ таңдалмаған. 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіретін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мерекені белгілеу бастамасы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерін осы саладағы топтастыруды айғақтайтынын атап өтті.

Жарнама маманының мереке күнінің ҚР «Жарнама туралы» Заңының қабылданған күнімен сәйкес келуі ұсынылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, 100 000 жарнама маманы жұмыс істейді.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...