Қазақстан көлік кептелісі көп елдер қатарына кірді

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Елдегі көлік қозғалысы индексі 133,9 болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Рейтингке сәйкес, Қазақстан азаматтарының жұмысқа баруға кететін орташа уақыты бір жаққа 34,73 минут болады. Елдегі CO2 эмиссиясының индексі 4119,35 болды — бұл екі бағыттағы жұмыс сапары кезіндегі СО2 шығарындылары мөлшері.

ТМД елдерінің ішінде Ресей, Әзербайжан және Украина көрсеткіштері Қазақстаннан нашар, Беларусь елдерінің көрсеткіштері жақсы болып шықты. Сараптама авторлары бірқатар себепке байланысты Украина ТМД-да даулы мәртебеге ие екенін атап өтті.

Ең көп қозғалыс Нигерия, Коста-Рика және Шри-Ланкада, ең жақсы көрсеткіштер Австрия, Финляндия және Эстонияда тіркелген.

Биыл қаңтар-шілдеде Қазақстанның көлік-логистика секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 593,4 миллиард теңге болған, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 7,8 пайызға көп (нақты көлемнің нақты өсімі – 5,2 пайызға).

Жүктеменің басым бөлігі Алматыда: 107,5 миллиард теңге, жылдық өсім – бірден 65,2 пайызға. Олардан кейін Алматы (64,1 миллиард теңге, минус 17,2 пайыз) және Атырау (56,5 миллиард теңге, плюс 97,1 пайыз) облыстары тұр. Салаға инвестицияның ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелген.

Күрделі салымдардың негізгі бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражатына түскен: портфельдің 56,3 пайызы немесе 333,9 миллиард теңге, бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 34,6 пайызға көп.

Қаражаттың тағы 20,1 пайызы республикалық бюджеттен қарастырылған: 119,5 миллиард теңге, плюс 22,3 пайызы. Жергілікті бюджеттен 63,5 миллиард теңге, банктік емес қаражат есебінен – 57,4 миллиард теңге, банк несиелері есебінен – 19,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...