Қазақстан өңірлеріндегі көмір бағасы аталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов өндірушілер көмірді қандай бағада сатып жатқанын және ол халыққа қандай бағамен жететінін сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Көмір шахталарындағы баға қандай? Ал өңірлерге қандай бағамен жетеді? Көмірді алдын ала сатып алу бойынша халықпен жұмыс қалай жүргізіліп жатыр» – деп сұрады Смайылов Үкімет отырысында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көмір кеніштері бағаны ұстап отырғанын айтты.

«Былтырғымен салыстырғанда Шұбаркөл карьеріндегі баға төмендеді. Қалған карьерлер былтырғы бағамен қалды. Біз ҚТЖ-мен де келістік, олар тарифті көтермейді, бұрынғы деңгейде ұстайды. 

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі баға — тоннасына 14,5 мың теңге. Әкімдіктермен бірлесе отырып, жеткізуші компаниялармен бағаны қолжетімді ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Өскенбаев.

Министр Ақмола облысында Қаражыра көмірі 14,5 мың теңгеден, ал Шұбаркөл 15 мың теңгеден сатылып жатқанын түсіндірді.

«Сонымен қатар, Ақмола облысында (кейбір жерлерде көмір сатылады — еск.) 22 мың теңгеден — Шұбаркөл. Ең шалғай ауылдарға 25 мың теңгеден жетеді», — деді министр.

Ол күн сайын кешкісін көмір шахталары, ҚТЖ және әкімдіктермен жиын өткізілетінін айтты.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....