Қазақстан Даму Банкінің басшысы қызметінен кетті

Руслан Искаков Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) басшысы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«26 қазанда «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша банктен кету туралы шешім қабылдаған басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты», — делінген хабарламада.

Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды.

Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, 800 миллион доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...