Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Құрама тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін үшінші орынға шыққан. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында еді.

Ерлер құрамасы Сербиядан жеңілді — 1:3. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші және турнирдегі үшінші жеңілісі. Кездесу алдында қазақ шахматшылары 12-орында болды. Қазір олар 25-орынға түсіп қалды.

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында Польша, ал Үндістан екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан екінші, Армения үшінші орында.

8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары — Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...