12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЗАҚША ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР НЕГЕ АЗ?

АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ 51% ҚАЗАҚ ҰЛТЫ БОЛА ТҰРА, 2019 ЖЫЛЫ ОБЛЫС СОТТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚАРАЛҒАН ІСТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШІ 5,0% БОЛҒАН, АЛ, 2020 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА НЕБАРЫ 5,5% ІС ҚАЗАҚША ҚАРАЛҒАН. МҰНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ? АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ДОСЖАН ӘМІРОВТІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨТКЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОСЫ МӘСЕЛЕ ТАРАЗЫ БАСЫНА САЛЫНДЫ.

«Мемлекеттік тілдің сот төрелігі саласындағы кеңістіктері мен кедергілері» тақырыбында өткізілген конференцияға Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, профессор Есберген Алауханов, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелерінің басшылары, судьялар, адвокаттар, сот ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы және БАҚ өкілдері қатысты. Ақмола облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл қоғамдық маңызы бар мәселені талқыласа, ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова Ақмола облысында тіл саясатының орындалу барысы туралы баяндады. «Қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы» тақырыбына облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қолдау басқармасының бастығы Марат Сұлтанов сөз қозғап, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрсұлтан Шытырымбек мемлекеттік тілді қолдану бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдай жасалған, заңнамалық және құқықтық база, мемлекеттік бағдарламалар, концепциялар, мемлекеттік тілді дамыту бойынша ведомстволық жоспарлар құрылған, ал, әрбір мемлекеттік қызметшінің мақсаты тек қана заң нормаларын сақтау, азаматтардың тіл таңдауға деген құқығын бұзбай оны дұрыс қолдану ғана» – деді Досжан Әміров.
Қазақстан Республикасындағы «Тiл туралы» заңның 4-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi екендігі көрсетілген. Облыстық соттың төрағасы, мемлекеттік органдармен азаматтық істер бойынша сотқа талап қою арызын жолдау, құқық қорғау органдары және прокуратурамен қылмыстық қудалау
және тергеу жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тиісті органдармен ресімдеу сатыларынан
бастап сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, істерді қарау барысында мемлекеттік тілді қолдану туралы заңнаманың бұзылуына жол берілген жағдайда құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің атына жекеше қаулылар шығару арқылы шаралар қолданатындығы жөнінде түсіндірді. «АПК-нің 14-бабында «Сот ісін жүргізу тілі», ҚПК-нің 30-бабында «Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 738-бабында «Іс жүргізу тілі» азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот өндірісі қазақ тілінде жүргізіледі деп бекітілген. Сол себепті өтініштерді қабылдау, тергеу амалдарын жүргізу, хаттамаларды толтыру кезінде бірінші орыс тілі емес мемлекеттік тіл қолданылуы керек, алайда бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді білмеуіне байланысты орыс тіліне басымдық беріп отыр» – деді Д.Әміров.
Шындығында әрбір мемлекеттік мекеме басшылары, құзырына сәйкес талап арыздарды және басқа да іс
қағаздарды сотқа тек қана мемлекеттік тілде жолдануына ықпал етсе, мемлекеттік тілдің дамуына қосқан зор үлес болар еді. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың көрсеткіштерін талқылай келе профессор Есберген Алауханов өз сөзінде жиынның маңыздылығын айта отырып, мемлекеттік тілді қолдану жолында кедергілерді жөндеуге, мемлекеттік тілде сөйлеуге мәжбүрлеп үйрету керектігін айтты. Конференцияға қатысушылар мемлекеттік тілді одан әрі дамыту бойынша түскен ұсыныстар негізінде қарар қабылдады.
Қарарда мемлекеттік мекемелер, тергеу органдары, прокуратура және соттар азаматтардың тіл таңдау құқығын сақтай отырып, істі мемлекеттік тілде жүргізу бойынша бақылауды күшейтуге, сот ісін жүргізу тілі жөніндегі заңнама нормаларының бұзылуын анықтау және жол бермеу мақсатында барлық шараларды қабылдауға, мемлекеттік органдар соттарға талап қою арыздарын мемлекеттік тілде жолдау туралы міндеттеме алды.
Күләш ДОМАЛАҚОВА,
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметінің жетекшісі

[ratings]

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...