Қазақ мемлекеттік циркінің артистері жүлделі орынға ие болды!

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы  Қазақ мемлекеттік циркінің артистері XIII «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінде жоғары жүлделі орындарға ие болды!

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігімен «Белдіктегі әуе дуэті «Жаңбырмен көкке самғау» нөмірі Күміс – 2 орын және Тәжік мемлекеттік циркінің арнайы сыйлығына ие болды!

Равиль Сейдгариевтің жетекшілігімен «Даршылар» нөмірі                 Алтын- 1 орын жеңіп алды! 

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, «Азия жаңғырығы»  XIII Халықаралық цирк өнері фестивалінің қазылар алқасының мүшесі Мақсат Жайықов Қазақ мемлекеттік циркінің арнайы жүлдесін Моңғолиядан келген «Топтық каучук «Аватар» нөміріне табыс етті.

Биыл Астаналық цирк күмбезінің астында әлемнің 12 елінен келген әртістер өз өнерлерін көрсетті: Франция, Израиль, Италия, Венгрия, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан.

Беделді қазылар алқасы нөмірдің сапасын трюктың, хореографиялық және режиссерлік жұмыстың күрделі деңгейі бойынша бағалады.

Қазылар алқасының құрамында халықаралық цирк өнерінің атақты топ менеджерлері, ТМД ірі цирк кәсіпорындарының директорлары: Фабио Монтико (Италия халықаралық цирк фестивалінің Президенті (Латина), Питер Фекете (Венгрия Республикасының Мәдениет министрі, Будапешт астаналық циркінің директоры), Владимир Шабан (Беларусь Мемлекеттік циркінің директоры), Бахтиер Рахматуллозода (Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік циркінің бас директоры), Фархад Бекманбетов (Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік циркінің бас директоры), Сергей Расторгуев (Саха/Якутия Республикасы Мемлекеттік циркінің директоры), Эльмира Булатова («Қазан мемлекеттік циркі» Татарстан Республикасы Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесінің директоры), Мақсат Жаиков (Алматы қ. Қазақ мемлекеттік циркінің директоры), Сұлтан Сраилов (Шымкент қ. Мемлекеттік циркінің көркемдік жетекшісі), қазылар алқасының төрағасы Ерік Жолжақсынов («Астаналық цирк» Бас директоры, Нұр-Сұлтан қ.).

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...