Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден озды

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден аса ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. 

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

«Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Отандық футбол жанкүйерлерінің жадында Сұлтан Әбенов туралы естелік мәңгі сақталмақ», — делінген хабарламада.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...