Қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің кезекті іс-шарасы өтті

“Қазақ аналары — Дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі қазақ аналарына отбасы, бала тәрбиесінде тілімізді, ділімізді, ұстанған дінімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымыздың озығын насихаттап,үйрету, тәлім-тәрбиенің өзегі ету мақсатында құрылған.

Бүгінде бұл ұйымның еліміздің барлық өңірінде филиалдары ашылып,өз жұмысын ерекше қарқынмен жүргізуде.Олардың қатарында бойжеткен қыздан бастап, абыз әжелеріміз бар.Сонымен қатар ұйым жұмысы әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асып жатыр.Оларда қыз -келіншектер,әжелер қазақтың дәстүрі,ырым -жоралғысы жайлы пікір алмасып, жан-жақты талдайды.Озығын әспеттеп,тозығын жаңғыртуға ат салысады.Бірлестік төрайымы,Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық кеңес мүшесі Айнұр Жүгінісова ұйымның миссиясы жайлы:

«Ел қай кезде түзеледі?
Ел — отбасында береке, тәртіп болғанда ғана түзеледі!
Тәртіп-тәрбиесіз білім де, байлық та құнсыз!

Сол себепті, дәстүрімізді лайықты түрде насихаттап, барлық қазақ аналарын сауатты түрде, отбасы өмірін гүлдендіруге бағыштап, тек жақсы, тәрбиелік мәні бар сөз айтайық.Саясатпен ерлеріміз айналыссын, біз отбасымызды тәрбиелейік!
Саяси да, білім жағынан да сауатсыз жастар — отбасында дұрыс тәрбиеленбегендіктен шығып жатыр.

“Отан отбасынан басталады! Ең бірінші, отбасында ұрпақтарымызға елге, жерге, халыққа, адамға, ата-ана, бауырға, көршіге деген сүйіспеншілік, мейірім, қайырымдылықты жүректеріне егіп, жақсылыққа үйретсек, әдепті, білімді үйретсек, керемет асуды алғанымыз! Дұрыс киініп, яғни қазақы киініп, басымызды, етек-жеңімізді жауып қыздарымызға өнеге көрсетейік!» дейді.

Кеше Қазақ аналары «Дәстүрге жол: қоғамдық бірлестігінің кезекті іс-шарасы өтті. Оған Қазақстан Респуьликасы Парламент Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен,Динар Нүкетай, Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары,Бас редакторлар клубының төрайымы Бибігүл Жексенбай қатысты. Басқосуда ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР яғни, әке мен ананың отбасындағы маңызды ролі, сыйластығы,ұл мен қыз бала тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері,ене мен келіннің ауызбірлігі,аға-жеңге мектебі,ағайын-туыс ынтымағы туралы тағылымды әңгіме қозғалды.

Аналар арасында әр түрлі өнер сайысы өтті.Олар қолданбалы қолөнер шеберлігі,ұлттық салт-дәстүр жөніндегі білім деңгейі, ән -би өнері бойынша сайысқа түсті.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Кеш аналар үшін тек ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың дәріптелуімен ғана емес, аға буын мен жастар арасындағы сабақтастыққа,рухани бірлікке жол салуымен, парасат пен ізгіліктің ерекше салтанатымен ерекше әсерге толы болды.

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...