ҚазҰУ студенттері «Top student mobility» жеңімпазы атанды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 10 студенті оқу мен ғылымдағы айтулы жетістіктері үшін Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) «Top student mobility» стипендиясына ие болды.

«Top student mobility» байқауының мақсаты – РХДУ-да желілік форматта білім алатын студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және қолдау болып табылады.

Байқау нәтижелері бойынша әлемнің әртүрлі елдерінен — Франция, Австрия, Италия, Испания, Иран, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстаннан 30 жеңімпаз анықталды. ҚазҰУ студенттері оқу үлгерімі мен жобаларға деген ғылыми көзқарасы үшін барлық стипендиялардың үштен біріне ие болды. Олардың әрқайсысы шамамен 250 мың теңгеден тұратын бір реттік көмек алды.

ҚазҰУ-дың физика және технология, химия және химиялық технология, филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне Ресей халықтар достығы университетінің арнайы стипендиялары берілді.

ЕНУ вошел в топ-300 вузов мира по версии QS

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева подтвердил статус...

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...