Азқамтылған отбасының науқас балаларын мерекемен құттықтап барды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА- 168/3 мекемесiнің тәрбие бөлімінің қызметкерлері және мекемедегі жазасын өтеушi сотталғандар, «1 маусым – Балаларды қорғау күнінде» отбасында науқас балаларды бір өзі асырап келетін жалғызбасты ана: азқамтылған отбасыны мерекемен құттықтап, бірінші кезекте тұтынатын азық- түлiктерді жеткізіп берді.

«Балалардың мерекесі күнінде тәрбие бөлімінің қызметкерлері де қалыс қалмай, бірауыздан балаларға мерекелік көңіл- күй, қуаныш сыйлағымыз келді. Бұл орайда мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар да үлесін қосып, атсалысты.
Жалпы, осындай қайырымдылық шаралары сотталғандардың жүректеріне мейірім сыйлай отырып, оларды қоғамға бейімдеуде және қайта қылмыстың алдын алуда пайдасын тигізеді деп сенеміз»,- дейді КА- 168/3 мекемесiнің сотталғандар арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Нұрлыбек Әділшенов.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...