12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ауыр дертке шалдыққан балаларға мемлекет көмек көрсете ме?

Баласына ауыр диагноз қойылып, оған Қазақстанда ем таппаған ата-аналар шетелдік дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр. Ал, амалы таусылғандар өзге елде ота жасау үшін қомақты қаржыны халықтан жинайды. Соңғы кездері көмек сұрап, науқас балаларының видеосын әлеуметтік желіге таратып жатқандар көбейіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай науқастармен қандай жұмыс жүргізеді? Қазақстанда шекара асатын пациенттерге ем-дом жасайтындай мүмкіндік бар ма?  

5 жастағы Адиляның туғаннан бір құлағы жоқ. Оң жағы ғана естігендіктен осы бес жылдың ішінде оң құлағы да есту қабілетінен айырылып бара жатыр екен. Қазақстанда ота жасайтын маман таппаған соң Үндістандық дәрігерлерге жүгінуге тура келіпті. Алайда, операцияның құны 47 мың доллар. Мұндай қаражатты қалтам көтермейді деген Ерболат қазір әлеуметтік желі арқылы қызына ота жасатуға ақша жинауды бастапты. Адиляның диагнозы «микротия, атрезия». Яғни, құлақтағы есту мүшесінің дамымауы немесе оның мүлде болмауы.    

“Операцияға деген 22 миллион теңгені тез арада жинаған дұрыс. Себебі, күннен күнге мына екінші құлағы нашарлап барады. Ол ертең кім кепіл вообще естімей қалуға.  Девальвация болып жатыр. Ертең доллар екі есеге көбейіп кеткен жағдайда менің қазіргі 22 миллионым 44 миллион болып кетуі мүмкін”, – дейді Ерболат Қуанышев, Адиляның әкесі.

Баласына шетелден ем іздеген тек Ерболат Қуанышев емес. Әлеуметтік желілерде бұдан бөлек ауыр диагноз қойылған балаларға ота жасау үшін ата-аналары халықтан көмек сұрап жатқан видеолар көптеп таралуда. Денсаулық сақтау министрлігі инстаграм, фейсбук және ю туб желілерінде мониторинг жүргізіп, көмек сұраған науқастар туралы ақпаратты жергілікті жауапты басқармаға беретіндерін айтады. Былтыр баласын шетелде емдету бойынша 122 өтініш түссе, 66 науқас өзге мемлекетте ем қабылдапты.  

“2022-ші жылға бүгінгі күнде 31 бала, 31 балаға өтініш түсірсе. Оның 23 баласы ота жасалды. 23 балаға шетелде жұмыс жүргізілді, бір балаға осы Қазақстан төңірегінде шетел мамандарын операторларды шақыру арқылы ота жүргізілді”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов.

Маманның айтуынша, негізінен онкологиялық аурулардың түрлеріне, протонды терапия және микрохирургиялық оталарды қажет ететін науқастарға Қазақстанда ем жоқ. Ал, тынбай мониторинг жүргіземіз деген денсаулық сақтау министрлігінің назарынан әлеуметтік желіде амалдың жоғынан халықтан көмек сұраған ата-аналар мен Адиля сияқты науқастар тыс қалып жатқан секілді.

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.