Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға Ғылым және жоғары білім министрлігі берген жауапта айтылған.

Ауылда жұмыс істейтіндердің жалақысында айырмашылық бар ма?

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылда орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қаладағы мамандармен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары жалақы мен тарифтік мөлшерлеме төленеді. Бұл жергiлiктi Мәслихаттардың шешiмi бойынша қабылданады.

Тағы қандай көмек беріледі?

Ауылда тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметке ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Мұны да, оның ішінде берілу тәртібі мен мөлшерін жергілікті өкілетті орган ретінде Мәслихат шешеді. 

Ауылда жұмыс істейтін қандай мамандарға үй беріледі?

Мәлімет бойынша ауылда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар әкiмдiктердiң шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен, қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үймен қамтамасыз етіледi.

Сонымен қатар, ауылда жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Мәслихаттың шешімі бойынша көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 6208 ауылдық елді мекен бар. Кейінгі 5 жылда ауылдар саны 6341-ден 6208-ге дейін, яғни 133 ауылға азайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша ауыл жойылу алдында тұрғаны хабарланды. 

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.