12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ПЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Ақмола облысында 21 шілдеде аумақтық сайлау комиссиясы биылға жоспарлаған ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің соңғы сайлауын өткізеді. Қазір Ақкөл, Ерейментау, Жақсы, Сандықтау және Целиноград аудандарындағы бес сайлау округі бойынша тағайындалған алты ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқаны жүріп жатыр. Бұл ретте бір әкім тұрғылықты жерінің өзгеруі себепті мерзімінен бұрын кетуіне байланысты, бес әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады.

Кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хабарламасына қарағанда, ұсынылған 21 кандидаттың 17-сі өзінөзі ұсынса, төртеуі «АМАНАТ» саяси партиясы атынан сайлауға түспек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен, екі кандидат, құжаттардың толық бермеуіне (сайлау жарнасын төлемеу) салдарынан бір кандидат алынып тасталды. Соның нәтижесінде 18 кандидат тіркелді. Оның 14-і (78%) өзін-өзі ұсынған, төртеуін (22%) «АМАНАТ» саяси партиясы ұсынған. Яғни бір орынға орташа бәсекеге қабілеттілік үш адамды құрайды. Үміткердің бесеуі (28%) – әйелдер. Кәсібі бойынша, үміткерлердің оны – белсенді мемлекеттік қызметші, төртеуі – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, екеуі – бюджеттік саланың қызметкері, біреуі – коммерциялық құрылым қызметкері. Олардың орташа жасы – 41,3 жас, ең жасы 29-да болса, ең үлкені 52-де. Кандидаттардың төртеуі (22%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерден болса, 14-і (78%) басқа ауылдық округтерден қатысып отыр. Облыстық маңызы бар үш қала (Көкшетау, Қосшы, Степногорск), 17 аудан, 8 аудандық маңызы бар қала, 5 қалашық, 194 ауылдық округ, 32 ауыл мен 594 ауылдық елді мекені бар Ақмола облысында бұған дейін 18 ақпанда, 5 мамырда, 16 маусымда ауылдық округ пен ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Мәселен, 16 маусымда ол тоғыз сайлау округі бойынша өтті. Атап айтқанда, Біржан сал ауданы Уәлиханов ауылдық округі; Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі; Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы; Есіл ауданы Орловка ауылы, Жаныспай, Свободный ауылдық округтері; Жарқайың ауданы Жанадала ауылдық округі; Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округі; Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі. Ол кезде әкімге кандидаттар саны 24 адам болып, барлық тоғыз сайлау округінде әкімдер сайланды. Оның ішінде алтауы өзін-өзі ұсыну арқылы, үшеуі «AMANAT» партиясы ұсынған үміткер болды. Сайлаушылардың ең белсенді қатысуы Есіл ауданы Свободное ауылдық округінде (66,45%), ең аз қатысуы Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округінде (26,78 %) тіркелді. Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды. Сондай-ақ әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі. Әкім болып сайлану үшін үміткерлер «Сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 36-2-бабында және Қазақстаның мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Олардың Қазақстаның мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

 «Халықаралық Нельсон Мандела»  күніне орай жазалы жасөпірімдерге дәріс өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Конкурс лучшей психологической стенгазеты прошел в колонии смешанной безопасности г. Семей

В колонии смешанной безопасности г. Семей среди осужденных отбывающих...

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...