12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ — АЛДАҒЫ КҮН ЕНШІСІНДЕ

Қаламен ауылдың арасындағы айырмашылық азаюы керек. Бұл барлық базалық қызметтер мен әлеуметтік игіліктер бойынша қала мен ауыл арасындағы дис — пропорцияларды барынша қысқарту де — ген сөз. Осыған орай 2019 жылы Ұлттық экономика министрлігі әртүрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеген болатын. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұл іс – халыққа сапалы қызмет көрсету және тиісті объектілермен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға байланысты мәселелерді шешуді көздейді.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұл іс – халыққа сапалы қызмет көрсету және тиісті объектілермен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Онда әрбір елді мекеннің табиғи мүмкіндіктері мен бәсекелестік айырмашылықтарына сай минималды тұрмыс стандарттары айқындалған. Мемлекеттік органдар бұл жүйені өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау кезінде пайдаланады. Парламент Мәжілісінде осы жұмыстың аяқ алысы мен алдағы даму барысы талқыланды. Жиында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірлік стандарттар жүйесі сәйкес саладағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарымен интеграцияланған. Мәселен, 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарында және Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында еліміздің кеңістікте дамуы мен ауылдық аумақтарына қатысты өңірлік стандарттар жүйесінің тәсілдері көзделген. Сонымен қатар, оларды әзірленіп жатқан жаңа Бюджет кодексі шеңберінде бюджеттік жоспарлаумен байланыстыру мақсат етілді.

Жұмыс жалғасуда, нәтиже қандай?

Жаңа өңірлік стандарттар жүйесінде тыныс-тіршіліктің әлеуметтік, инженерлік-көліктік, экологиялық және тұрмыстық салалар 12 бағыт бойынша құрылды. Сондай-ақ, елді мекендердің әрбір типі бойынша өңірлік стандарттар жүйесінің нысандар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді. Бүгінгі таңда министрлік адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін жақсарту үшін түрлі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде өңірлерді дамыту жұмысын жалғастыруда. Мәселен, 2023 жылы өңірлердің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 14 облыс орталығында 67 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға 42,1 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат шеңберінде қала ішіндегі 60 шақырымға жуық жолдарды және 140 шақырым инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, 29 моно және шағын қалаларда 74 жобаны жүзеге асыруға 34,9 млрд теңге бөлінді. Қалаішілік жолдардың 90 шақырымын және инженерлік желілердің 180 шақырымын жаңғырту жоспарлануда. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін Министрлік «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жұмысын жүргізуде. 2023 жылы 1,8 мың жобаны іске асыруға шамамен 200 млрд теңге бөлінді, олар даму әлеуеті бар 800 ауылда жүзеге асырылуда. Бұл қаражатқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 222 жоба, 421 әлеуметтік инфрақұрылым жобасы, сондай-ақ, 1 168 көлік инфрақұрылымы жобасы іске қосылды.

Деңгейі жоғары ауыл статусы қашан салтанат құрады?

Министрлік 2027 жылға қарай қамтамасыз етілу деңгейі орташа барлық ауылдар «Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар» санатына жеткізіледі деп болжайды. Қуантыровтың айтуынша, жалпы, өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға жеткілікті қаржы бөлінбек. Қазір азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық орталық мемлекеттік органдар бойынша 2023–2025 жылдарға өңірлерді дамытуға 4,5 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер көзделіпті. Бүгінгі таңда өңірлік стандарттар жүйесі өңірлік диспропорциялардың себептерін анықтауға мүмкіндік беретін құжат болып табылады. Стандарттар тұрақты негізде уақытқа сай өзгеріп отырады. Осыған байланысты болашақта белгілі бір стандарттар әр өңірдің ерекшелігіне қарай қайта қаралуы, жетілдірілуі және іске асырылуы мүмкін.

Өңірлік стандарттар қашан сапаға қызмет етеді?

Министрдің көп сөзі құлаққа жаққанымен, кейбір келтірген көрсеткіштері сендірмеді. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов келтірген деректерден түйгеніміз, өңірлік стандарттар әзірге сапаға қызмет етпей тұрған сияқты. Яғни, ондағы көрсетіштер өңірлердің қазіргі таңдағы даму деңгейіне сай емес. Атап айтқанда, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі халық санына байланысты объектілердің сандық көрсеткіштерін ғана қамтиды. Ал, сапалық көрсеткіштер ескерілмейді. Сабильянов мырзаның айтуынша, уәкілетті органның мониторинг нәтижелері бойынша сандық көрсеткіштердің қамтамасыз етілу деңгейі 64,1 пайыз деген мәліметі шындыққа сай емес. Шын мәнінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша Экономикалық зерттеулер институтының алдын ала есептеулеріне сәйкес объектілердің сапалық көрсеткіштерімен қоса есептегенде ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету деңгейі 44 пайыз болыпты. Осыған байланысты уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердің әр сала бойынша объектілермен қамтамасыз етілуінің сапалық көрсеткіштерін айқындау әдістемесін әзірлеуі қажет. Сондай-ақ, ел игілігі үшін пайдаланылатын объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі нақты ақпаратты (ашық деректерді) қамтитын ақпараттық базаны қалыптастыру керек. Сабильянов мырзаның айтуынша, жобаларды қаржыландыруда да жүйелілік жоқ. Өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейту мақсатында жекелеген нысаналы трансферттер республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және денсаулық сақтау объектілерін материалдық жабдықтау үшін өңірлерді дамытуға берілді. Алдағы уақытта мектептер, ауылдық клубтар, медициналық пункттер, спорт залдары сияқты объектілерді жалпы сипаттағы трансферттер арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отыр. Сондықтан осы әлеуметтік маңызы бар объектілерге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына нақты бақылауды жасау және жоғары аудиторлық палатаға жергілікті бюджетті тексеру өкілеттілігін беру қажет. Өңірлік стандарттар жүйесінің келесі кемшілігі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында үйлестірілген іс-қимыл жоқ.

Сапалы ауыз су жайы әлі де өзекті

Ал, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жағдайы өзекті күйінде қалып отыр. Жоғары аудиторлық палата 2022 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау жүйесі дұрыс жұмыс істемейтін, ауыз су сапасының төмендігін анықтады. Ел көлемінде мұндай мысалдар өте көп. Ақша бөлініп, жұмыстар жүргізілсе де, басты мақсат, яғни барлық тұрғындарды «таза ауызсумен қамтамасыз ету» міндеті орындалмады. Осыған орай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық ауылдық елді мекенді (үйлер бойынша) сумен жабдықтау жүйелерінің болуы және 100 пайыз жұмыс істеуі тұрғысынан толық түгендеу және тексеру жүргізуі қажет. Осыған ұқсас түгендеу мен тексеруді газбен жабдықтау саласында да жүргізу, сондай-ақ, газға қол жеткізе алмай отырған облыстарды, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету ұсынылады. Мысалы, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарын газбен қамтамасыз ету маңызды.

Ауыл мәселесінде алшақтық болмау керек

Ауыл мектептері мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуын қажет етеді. Ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауылдық және қалалық мектептер арасындағы материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету тұрғысынан алшақтықты жою өте маңызды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баяндамасындағы деректерге сәйкес әлі де республика мектептерінде орын тапшылығы байқалады, бұл шамамен 260 000 оқушы орнын құрайды. Балабақшаға кезекке тұру сақталып отыр. Көптеген мектеп кәріз жүйелеріне, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне (50%) қолжеткізе алмай отыр, спорт залдары (25%), асханалар (15%), кітапханалар (13%) және тағы басқалары жоқ. Осыған орай, аталған проблемалық мәселелерді мәслихат депутаттарының, әкімдердің және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестердің алаңдарында жедел түрде қарап, қорытындысы бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерінен жол құрылысы мен көліктік даму қарқыны айтарлықтай артта қалып отыр. Ұлттық экономика министрлігі жүргізген мониторингтің алдын ала деректері бойынша республикада 2021 жылы қала ішіндегі және кент ішіндегі жолдардың 62,8 мың шақырымы (27%) қанағаттанғысыз жағдайда, ауылдардың жолдарында асфальт жоқ, қоғамдық көлікке деген қажеттілік сақталып отыр. Жергілікті жолдардың сапасыздығы ауылдық аумақтардың арасындағы байланыстың әлсіз болуына алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Адамдар қоғамдық көліктің қатты тозып кеткеніне шағым айтуда. Маршруттық желілер тиімсіз ұйымдастырылған, ауысып жүріп-тұру ыңғайлы емес, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеулі, қала шетіндегі ауылдарға бара бермейді. Осыған орай, уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ерекше назар аударуы қажет. Тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және жаңа автобустар алуға берілуі тиіс. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 1432 ауылда (халқының саны 250 адамнан аз) ғаламтор жоқ. 3G-ге қосылған 2046 ауылдық елді мекенде интернет байланысы тұрақсыз, ал кей кезде мүлдем болмайды. Сондықтан, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірленіп жатқан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасында барлық ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізуге жауапты тұлғалар жұмылдырылуы қажет. Жалпы Ұлттық экономика министрлігі – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық сала бойынша объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі төмен өңірлерге жол карталарын әзірлесін. Мұндай жол карталары әрбір проблемалы елді мекен бойынша жасалуы тиіс.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Қазақстанда асыраушысынан айырылған қанша адам бар?

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге жұмсалды.

Көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің қандай түрлері бар?

Жолда көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің түр-түрін көреміз. Стандартты түрден басқа, қара, көк, сары, жасыл түсті нөмірлер бар. 

Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

25 қазан күні елімізде ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден аса мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі.

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері дүйсенбі, 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.