Қазақстандық әуекомпаниялар қандай елдерге рейстерді тоқтатты?

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпаниялардың рейстерді уақытша тоқтатуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, шектеулер мына елдерде қолданылады:

  • Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
  • Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
  • Ирак, Иордания, Ливан зымыран мен дрон шабуылы қаупіне байланысты уақытша шектеу енгізді;
  • Кувейт, Бахрейн, БАӘ рейстерді шектеп және тоқтатып, қақтығыс аймағына жақын маршруттарды жапты.

Ірі халықаралық әуекомпаниялар да рейстерді уақытша тоқтатқаны айтылды.

«Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуын тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып өтіп, ұшуын жалғастырып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстандық әуекомпаниялар да қауіпсіздік мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.

Елімізден шетелге шыққысы келген адам саны — 683, шетелден елге оралатын адам саны — 1051. Бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер еткен.

«Қазақстандық әуекомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне рейстерді тоқтата тұруы — аймақтағы әскери-саяси жағдай күрт шиеленісуіне байланысты мәжбүрлі шара. Әуекомпаниялар халықаралық тәжірибеге сәйкес шешім қабылдады. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі», — деп жазылған хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақ, қонақүй және трансфермен қамтамасыз етілген.

«Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады», — деп жазылған хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana

  • help.airastana.com
  • +7 727 244 4477 (24/7)
  • +7 7172 584477 (24/7)
  • +7 702 702 4477 (24/7)
  • +7 7272 44 44 78 (24/7)
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)
  • Online chat: airastana.com (24/7)

SCAT

  • +7 7252 99 88 80
  • +7 701 738 25 76

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ

  • +7 7172 79 82 15

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...