Ауыл шаруашылығы министрі елде қант тапшы екенін тағы да жоққа шығарды

Ауыл шаруашылығы министрі елдегі қантқа байланысты жағдайды шиеленіскен деп атады. Алайда қант тапшылығы бар екенін жоққа шығарды. Ербол Қарашөкеев әдеттегідей елге қанттың тұрақты жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал өндірушілерде ешқандай мәселе болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Біз қазір 100 мың тонна қант квотасын бөлуді бастадық. Мұның жартысын өндірушілерге беру керек. Мәселен, сусын дайындау үшін экстра-қант керек, бұл жоғарғы сападағы қант. Зауытта өндірілетін қарапайым қант жарамайды. Кондитерлік зауыттар бұдан өздеріне қажетті көлемде қант ала алады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Ал қант бағасы бойынша сауалды Сауда министрлігі мен әкімдерге қоюға кеңес берді. Себебі қазір кей дүкендерде қанттың бір келісі 1 000 теңгеге дейін жеткен. 

Елордада халықтың өзі дүрлігіп жатқанын айтып жатқанда, жағдайды алаяқтар пайдаланып кеткен. Жамбыл облысында ғаламтор арқылы қантты арзан бағамен сата бастаған. Тұтынушы алдын ала төлем жасағанымен, тауар қолына тимеген. 

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...