12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: ӘКІМШІЛІК ӘДІЛ СОТТАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстанда азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен дауларын әділ және жедел қарау мақсатында әкімшілік сот ісін жүргізу жүйесі тұрақты дамып келеді. Соның ішінде аумақтан тыс соттылық институты — сот төрелігінің қолжетімділігін арттыратын маңызды құқықтық тетік.

Аумақтан тыс соттылық — әкімшілік істі жауапкер орналасқан өңірдің сотынан басқа аймақтағы әкімшілік сотта қарау мүмкіндігі. Бұл механизм соттың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған.

Аталған норма Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен іске асырылады және ол әкімшілік істер бойынша ықтимал мүдделер қақтығысын болдырмауға көмектеседі.

Аумақтан тыс соттылық мына жағдайларда қолданылуы мүмкін, жергілікті атқарушы орган немесе өңірлік мемлекеттік орган тарап болған кезде, соттың бейтараптығына күмән туындауы мүмкін жағдайларда, істі объективті және тәуелсіз қарауды қамтамасыз ету қажет болғанда.

Мұндай жағдайда талапкер немесе жауапкер тиісті өтініш беріп, іс басқа өңірдегі әкімшілік соттың қарауына жолданады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты аумақтан тыс соттылық тәртібімен келіп түскен әкімшілік істерді заң талаптарына сәйкес қарайды. Істерді қарау барысында сот, тараптардың теңдігін сақтайды, дәлелдемелерді жан-жақты зерттейді, процестік мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, бұл институт азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, дауларды әділ шешуге оң ықпалын тигізуде.

Аумақтан тыс соттылық нормалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында реттеледі. Кодекс әкімшілік әділеттің негізгі қағидаттарын — заңдылықты, әділдікті, ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Аумақтан тыс соттылық — әкімшілік сот өндірісіндегі тиімді құқықтық құралдардың бірі. Ол сот тәуелсіздігін күшейтіп қана қоймай, азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдігіне айналып отыр. Бұл институттың практикалық маңызы жылдан-жылға артып, құқық үстемдігін нығайтуға өз үлесін қосуда.

Қоғам мен мемлекет арасындағы дауларды әділ шешуде әкімшілік соттардың рөлі ерекше, ал аумақтан тыс соттылық — сол әділдіктің маңызды кепілі.

         Гажданбекқызы Гүлсезім, Қызылорда облысының мамандандырылған            

                                                  ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ МҰРАСЫ

Қазақстан халқы 15 наурызда жаңа Конституцияға референдум арқылы дауыс...

Референдум-2026: город в рабочем ритме

11 февраля на сайте Акорды было размещено официальное постановление...

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

11 ақпанда Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...

Бибисара Асаубаева: «Я верю будущее нашей страны»

Как спортсменка, представляющая Казахстан, я верю в развитие и...