Қауіпсіздігі жоғары мекемедегі сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

ЕЦ-166/5 мекемесіне «Ақниет» үгіт-ақпараттық өкілдері келді.​Бұл қоғамдық қор азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру және тиімді үйлестіру, діни радикализмге қарсы тұру және алдын алу мақсатында құрылған үкіметтік емес ұйым.

​​​​​​Сотталғандардың діни сауаттылығын және рухани дамуын арттыру, сотталғандар арасында діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесіне аталған орталықтың теологтары мен психологтарымен кездесу ұйымдастырылды.​​​​​​​​​​​​​

Ұйымның миссиясы – діни радикализмнің ықпалына идеологиялық қарсы тұру және радикалды ағымдар мен топтардың жақтаушыларын, зайырлы Қазақстанның толыққанды азаматтары ретінде оңалту арқылы Қазақстандық қоғамның өміріне оң азаматтық үлес қосу.​​​​​​​​​​​​​

Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді, сонымен қатар араб тілінде дұрыс оқу туралы қысқаша түсініктеме берілді.​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...