Атыраулық ҚАЖД қызметкерлері ерекше балаларды қуантты

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінің қызметкерлері кезекті игі іс-шараны ұйымдастырып, ерекше балаларды қуанышқа бөледі.

6 қазан — халықаралық мүгедектер күні мерекесіне орай, ерекше балаларды қуанту мақсатында, тәртіп сақшылары жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын үлестірді.
«Құрметті балақайлар барлық армандарың орындалсын. Ең бастысы дендерің сау болып, ауырмаңдар! Біз сендердің тыныш ұйықтауларың үшін күні-түні қызмет етеміз! Қашанда қолдау, көмек көрсетуге дайынбыз», — деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры М.Утепова.
Сондай-ақ, шара ұйымдастырушылары балаларды елеп-ескеріп келген тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдірді.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....