Атырауда жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін кешен іске қосылады  

Атырауда жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін кешен іске қосылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде жоба 99,20 пайызға аяқталды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Атырау облысының аумағында біріккен газ химия кешенін салу бойынша ауқымды жұмысты бастаған болатын. Осы уақытқа дейін оның негізгі бөлігі аяқталды. Соның нәтижесінде елімізде 500 мың тонна өнім шығаратын өндіріс орны пайда болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешенініндегі жұмыс барысымен танысып, жаңа өндіріс орнын іске қосу алдындағы дайындықты бақылады. Сондай-ақ, пропанды сақтау паркі, пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу қондырғылары, дайын өнімді сақтау қоймасы, орталық зауыт зертханасы, орталықтандырылған операторлар залы сынды маңызды нысандарды аралады.

Осы орайда ауқымды жобаны жүзеге асыру жолында көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Біріккен газ химия кешенін салу жобасы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Қоғам өкілдері де бұл жобаны басты назарға алып отыр», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, жоба операторы — «KPI Inc.» ЖШС. Аталмыш компанияның зауытты іске қосуы нәтижесінде көмірсутектерді одан да терең өңдеуге жағдай жасалады. Бүгінде жоспарлы істің 99,20 пайызы атқарылды. Енді аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстандағы мұнай-газ химиясы кластерін дамытуға серпін беретін кешен ел экономикасының бірегей жобасына айналмақ.

Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, Tazalyq жобасы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерімен танысты. Аталмыш жоба зауыттың ағынды суларын тазарту қондырғыларын жаңғыртуды, сондай-ақ ауданы 860 гектар булану алқаптарын қалпына келтіруді көздейді. Қазіргі таңда тазарту қондырғыларын салу бойынша алғашқы кезеңнің құрылыс-монтаждау жұмыстарының 73 пайызы орындалды. Жоспар бойынша келесі жылдың желтоқсан айында жоба толық аяқталады.

ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев өңірге сапары соңында «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) кеңсесінде жиын өткізді. Бұл кәсіпорынның басшылығы «Интеллектуалды кен орны» жүйесін енгізудің нәтижелерімен бөлісті. Аталмыш жоба өндіріс орындарында өндірісті басқару, көліктерге мониторинг жүргізу, арнайы техниканы пайдалану сынды процесстерді тез арада саралауға мүмкіндік береді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...