12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атырау соттары жаңа судьялармен толықты

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов жалпы отырыста судьялар корпусына облыстың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қарабеков Абылай Қарабекұлы Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына, Азмуханова Айман Нұржанқызы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымына, Даумов Дәуренбек Нұрлыбекұлы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Абылай Қарабеков 1993 жылы туған. Өз еңбек жолын 2014 жылы Атырау қаласының прокуратура органдарында бастаған. Әр жылдары сотта сот отырысының бас маманы — сот мәжілісінің хатшысы болып жұмыс істеді. Кейін Төтенше жағдайлар департаментінде, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ заңгер ретінде жұмысын жалғастырды. 2019 жылы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Айман Азмуханова 1993 жылы туған. Өз еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы «Алға Каспий Газ» ЖШС-де заңгер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінде бас маман болып жұмыс істеді. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру — талдау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

М.Парменов судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың сот төрелігіне деген сенімді нығайту жолындағы қызметіне сәттілік және судьялық антқа адал болуды тіледі.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...