Атырау облысында мыңнан астам асыл тұқымды қой тірідей өртеніп кетті

Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылы маңында өрт шығып, мыңнан астам еділбай атты тұқымды қой қырылды, деп хабарлайды ATPress.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агентігі.

Куәгерлердің айтуынша, өрт Ресейде тұтанып, Атырау облысына тараған. Өрт жақындаған кезде шопан Уәлихан Қабдрахманов жайылымнан үйіне қайтып келе жатқан.

«Үйге жақындаған кезде жел күшейіп, өрт тез тарады. Балалар жатқан үйге әрең жүгірдім.Үйдің айналасындағы шөптер түгел жанып кетті. Нәтижесінде 1039 бас қой бар еді, оның ішінде жеке малым да жойылды”, –  деді қойшы.

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөп өртеніп кеткенін айтады. Өрт Астрахань облысынан тараған. Өртті сөндіруге 30 адам мен төрт техника жұмылдырылды.

«Ең бастысы, зардап шеккен адамдар жоқ. Өрт сөндіруге ауыл тұрғындары атсалысты. Өртенген 1000 бас қойдың барлығы «Сүйіндік» асыл тұқымды қой зауытына тиесілі. Соңғы аптада ауыл маңында үш рет орман өрті болды. Ыстықтан құрғақ шөп өртеніп жатыр», – дейді Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Қанат Құлшаров.

Өлген малдардың өлекселері Жалғызапан ауылының маңындағы шұңқырға көмілген. Оқиға орнына қой фабрикасының өкілдері шығынды есептеу үшін келген.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...