Атырау облысына жыл басынан бері 300-ге жуық этникалық қазақ қоныстанды

Атырау облысына шет мемлекеттерден 173 отбасы немесе 259 этникалық қазақ көшіп келіп, Қазақстан Республикасында тұрақтап қалу мақсатында қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Көшіп келгендердің басым бөлігі —Өзбекстаннан (143 отбасы). Сонымен қатар Ресей Федерациясынан 17, Түрікменстаннан 3, Қытай Халық Республикасынан 9 және Моңғолиядан бір отбасы келді.

Қоныстанушылардың ішінде 158 отбасы Атырау қаласына, 7 отбасы Жылыой ауданына, 6 отбасы Құрманғазы ауданына сондай-ақ Мақат және Исатай аудандарында бір-бір отбасынан қоныстанды.

– 2025 жылы облыста қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 103 бірлік бөлінді. Қараша айындағы комиссия шешімімен 64 отбасынан 103 қандас квотаға енгізіліп, тиісті әлеуметтік қолдаулармен қамтамасыз етілді. Осы квота аясында 62 отбасыны (100 адам) көшіруге 70 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалды, – деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Сонымен қатар 23 отбасыға тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге қаржылай көмек көрсетілді. Қосымша 5 отбасы жалпы сомасы 22,7 млн теңгені құрайтын экономикалық мобильдік сертификатпен қамтылды. Бұдан бөлек 21 қандастың мәртебесі алты ай мерзімге ұзартылды.

2025 жылдың 1 қарашасына дейін мансап орталықтарына 15 қандас жүгінген. Олардың бесеуі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Олардың ішінде екі адам тұрақты жұмысқа орналасып, екі қандас қоғамдық жұмысқа тартылса, бір адам қайта даярлау курсында оқытылуда.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...