Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жер астынан тәулігіне 170 мың текше метр таза ауызсу тарартатын құбыр тартылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында айтты.

— Министрлік Атырау және Маңғыстау облыстарының халқын ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Көкжиде», «Айшуақ» және «Солтүстік-Айшуақ» жерасты су көздерінен аталған облыстардың елді мекендеріне дейін өнімділігі тәулігіне 170 мың текше метр құрайтын магистральдық су құбырын салу мәселесін пысықтауда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы шамамен 1,5 млн адамды ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді ол.

Ведомство басшысы мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жоба әзірленгенін де айтты. Қазір ол жобаны экономикалық қорытынды беру үшін Ұлттық экономика министрлігінің мамандары қарап жатыр. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықталып жатыр. 

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...