12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ: АЗАМАТТАР ТАҢДАУ АЛДЫНДА ТҰР

Халқымыз таңдау алдында тұр. Биылғы жылдың 6 қазанында атом электр станциясын салу мәселесі шешімін таппақ.

Өз уранымызды пайдалану сырттан әкелінетін шикізатқа тәуелділікті азайтады. Бұл құрылыс мыңдаған жұмыс орнын ашып, ғылыми зерттеулер мен технологияның жаңа мүмкіндігін ашады. Сонымен қатар, сенатор атом электр станциясын жобалау және салу кезінде тұрғындар пікірі ескерілетінін және цифрлық технология мен жасанды интеллектті дамытуға қажетті қосымша энергияны тек атом станциясының құрылысы арқылы алуға болатындығын жеткізді. Маңғыстау облысына барған сенатор Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында кездесу өткізді. Бұл басқосудағы әңгіме де негізінен атом электр станциясының құрылысына бағытталды. Талқылауға бірқатар мұнай компанияларының еңбек ұжымдары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және азаматтық қоғамның белсенді өкілдері қатысты. Сенаторлар еліміздің тұрақты дамуы үшін АЭС жобасының маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олар сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, жоба халықаралық қауіпсіздік пен экология стандарттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Табиғи апаттарға байланысты қауіптер және оларды азайту мүмкіндіктері қарастырылатынын дәлелмен жеткізді. Балама энергия көздерін талқылауға ерекше назар аударылды. Алайда сенаторлар дәл осы кезеңде Қазақстанға атом энергетикасы ең тиімді шешім болып табылатынын атап өтті. Қостанай облысында болған сапарында сенатор Сергей Карплюк Алтынсарин және Федоров аудандарының тұрғындарымен пікірлесіп, Қазақстанды тұрақты энергиямен жабдықтаудағы АЭС құрылысының мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол елімізде электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сенатор атом электр станциясының құрылысы жас мамандар үшін маңызды болып отыр. «АЭС болашақ ұрпақты тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге негіз болады. Бұл еліміздің экономикалық және энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам», – деді Сергей Карплюк. Сенаторлар Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Алматы қаласында болған кезінде көпшілікті алаңдатқан жобаның қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқыға салды. Онда олар ядролық физика институтының жұмысымен танысты және Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымымен кездесті. Осы басқосуда жобаның қауіпсіздігін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бақылайтыны, ал шығындар Дүниежүзілік банктің қадағалауымен қоса үш деңгейлі аудиттен өтетіні белгілі болды. Сонымен қатар, жиында атом өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылды. Мамандардың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында уран өңделеді және ядролық отын қалдығы жинақталып көміледі. Елімізде ядролық реакторлар жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, олар ядролық ғылымның дамуына қолдау көрсетуде. Сенатор Руслан Рүстемов еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамыту үшін атом энергиясын тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. «Еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамытуда Ядролық физика институты ғалымдарының зиянды органикалық заттардың, зиянды микроорганизмдердің, судан радиациялық өңдеу арқылы таралатын аурулардың, химиялық реакциялардың әсері туралы жобаларын жүзеге асыруға уақыт қалған жоқ. Институт ғалымдары озондауға қарағанда радиациялық өңдеудің үнемді екенін және хлорлаудан әлдеқайда тиімді болатынын, сонымен қатар әлемдегі азық-түлік тапшылығын өтейтінін ертеде дәлелдеген болатын. Бейбіт атомның ел экономикасындағы әлеуетін арттыру және оның өнеркәсіптегі жетістіктерін тиімді пайдалануға бағытталған жобаларға жол ашу керек», – деп атап өтті сенатор Р.Рүстемов. Парламентшілер алдағы референдумның маңызына тоқталып, оны азаматтар мен мемлекет арасындағы саяси мәдениет пен сенімді нығайтудың маңызды құралы деп атады. Олар барша қазақстандықты дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, өйткені әркімнің дауысы ел болашағы үшін маңызды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Оплот Независимости и гарант развития страны

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА – ВЕРХОВНЫЙ ГЛАВНОКОМАНДУЮЩИЙ ВООРУЖЕННЫМИ СИЛАМИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ XI МЕЖДУНАРОДНОГО ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО СБОРА МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН».

ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ЖОҒАРЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қадірлі журналистер мен ақпарат...

ЖУРНАЛИСТ – ҚОҒАМДЫ АЛҒА СҮЙРЕЙТІН МАМАНДЫҚ

Қазақ журналистикасы үлкен өзгеріс алдында тұр. Аудитория талғамының ауысуы, дəстүрлі БАҚ-тың беделі мен болашағы – күн тəртібіндегі өткір мəселелер. Осы орайда біз 28 жылдық тəжірибесі бар журналист, медиа-менеджер Жанахмет АҒЫБАЕВПЕН сұхбаттасып, саладағы шынайы жағдай, жас журналистердің ізденісі мен іркілісі, мамандыққа қатысты ішкі толғаныстары туралы əңгіме өрбіттік.

Мемлекет басшысы орман шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қатысты заңдарға өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

Сайран көлінде тәртіп күшейтілді: 20 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды.