Мемлекет басшысы орман шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қатысты заңдарға өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заң бойынша Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ, 9 заңға түзетулер енгізілді.

  • Түзетулердің бірінші блогы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңмен ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру негіздері қайта қаралды.
  • Түзетулердің екінші блогы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЕҚТА аумақтарында қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.
  • Үшінші блок Астана қаласының «жасыл белдеуін» қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Түзетулердің төртінші блогы көміртекті офсеттердің мәселелерін реттейді. Заң Орман кодексі ережелерінің қолданылуы жаңа орман екпелерін отырғызу, сондай-ақ, тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру арқылы парник газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде сатылатын көміртекті офсеттерді сату жөніндегі қызметке таратылды.
  • Түзетулердің бесінші блогы ЕҚТА саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Түзетулердің алтыншы блогы бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді. Кепілдік беру жүйесінің мақсаты — кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін олардың кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған кезде қажет қаржыландыру көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...