Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадр бар ма Қазақстанда?

Сонымен…

Енді референдум деп жанығамыз.

Осыдан бірнеше ай бұрын АЭС туралы айтқанда көпшілік бұл тақырыпқа мүлдем келмейтіндей меселді қайтарған. Алайда, енді халық болып осы жайтты талқылайтын жағдайға жеттік.

Өлең жазғаныммен мен ақынмын деп кеуде соқпаймын. Оны жүрген жерімде айтамын. Менің негізгі қызметім — журналистика. Одан бөлек осы Қазақстанның бір бөлшегімін. Сосын шығар, мен елдегі әр жайтқа атүсті қарағым келмейді.

Осы кезге АЭС салудың жалпы әлемдік бағытын, оның елге тигізер зияны мен пайдасын іштей саралап келдім. Шет елдік мамандардың пікірін тыңдадым, оны да сіздермен бөліскем.

Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадр бар ма Қазақстанда? Осы жайлы ойланып көрдік пе?! Оларды дайындайтын оқу орындарының хәлі қалай деген сауал көлбеңдейді. Бір жобаны ойға алғасын оны жан-жақты саралау керек қой. Ізденіп көрдім менде.

2023-2024 оқу жылына атом өнеркәсібіне 5246 грант бөлінген, оның ішінде уран өнеркәсібі мамандықтары да бар.

«Ядролық физика», «Ядролық энергетикаға арналған материалдар», «Ядролық физика және ядролық энергетика» мамандықтары бойынша ағымдағы оқу жылында студенттер саны 2535 адамды құрайды. 2011-2023 жылдар аралығында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша бітірушілер саны 1649 адамды құрапты.

Қазіргі уақытта Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадрлар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөлініп жатыр екен. Қолданыстағы келісімдер мен меморандумдар аясында кадрлар даярлау саласында Шәкәрім атындағы университет, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Назарбаев Университеті және басқа да қазақстандық ЖОО-лармен ынтымақтастық жүргізілген.

Қазақстанда атом энергетика саласын дербес дамытуға бағытталған екі ірі ғылыми ұйым бар: бірі — Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты.

Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері МАГАТЭ

сарапшылар құрамына кіреді екен.

Әрине, тағы айтам — мен бұнымен осы саланың жілігін-шағып майын іштім деген сөз емес. Менікі ел арасында жүргенде еміс-еміс қойылар сауалдарға журналист ретінде жауап табуға тырысу. Ал дұрыс-бұрысын әр адам өзі шешеді.

Еліміздегі әр маңызды деген оқиғаға үн қосқан абзал. Тек артық қыламыз деп тыртық қылып алмайықшы. Әйтпесе, АЭС туралы мүшайралар жарияланып жатыр дегенді естіп бір күліп алғанбыз……

Әділет Орынбасаров

фейсбук парақшасынан алынды

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...