Қатерлі ісікке шалдыққан маңғыстаулықтардың көбі шетелден ем іздейді

Қазір Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерде қатерлі дертпен 4 мыңнан астам науқас тіркелген.

Олардың көбісі бастапқыда шетел асып, дертіне дауа іздеп кеткен. Арасында уақыт ұттырып алғандары да бар. Қатерлі ісікті өңірде де емдеуге болатынын түсінгендер де аз емес. Облыста онкологиялық ауруға қарсы дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Әрі оларға дәрілер тегін беріледі.

«Көптеген науқастар адамдардың үгіттеуімен шетелге барып, қымбат дәрілерді сатып алады. Ол дәрілерді мына жаққа алып келгенде сақтау режимдері сай келмей қалады. Бірнеше миллион теңге несие алып, бастарын қауіп-қатерге тігеді. Ондай дәрілер Қазақстанда да бар. Өзіміздің осы диспансерде де бар. Маңғыстаулық науқастарды шетел асып кетпей, өзімізде ем қабылдап, тегін дәрі-дәрмектерді алып емделуіне кеңес береміз»,- дейді. облыстық онкология диспансерінің бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Жолдасов.

Дәрігерлердің уәжін науқастардың өздері де құптайды.  Диспансерде екі жылдан бері емделіп жүрген Жұбатқан Бекмағанбетов жергілікті дәрігерлердің  қызметіне көңілі толатынын айтады.

«Өте тәуір аурухана. Емді уақытылы алып жатырмыз. Күнін белгілеп шақырады. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Сұрасаң дәріні тауып береді. Ондай жағдай көп жерде жоқ»,- дейді Жұбатқан Бекмағанбетов.

Медициналық мекемеде науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Ғимарат заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген. Жалпы онкологиялық орталықта елудей дәрігер бар. Барлығы жоғары білімді. Келесі жылы тағы бірнеше жас маман солардың қатарына қосылуы керек. Оған қоса, дәрігерлер біліктілігін арттыру үшін басқа мемлекеттерге барып білім алып келеді. Алдағы уақытта облыста ядролық медициналық орталық салу жоспарланып отыр. Әзірге ондай орталық еліміздің 3 қаласында ғана бар.

Жазира Қуанышбекқызы

«Сөнбес сөздің иесі» — Бәкір Тәжібаев рухына тағзым

Көрнекті ақын, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – басты міндет

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...