12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата Заңымызға — 30 жыл!

Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Ата заңы кіріспеден және 10 бөлім мен 99 баптан тұрады. Осы жылдар ішінде қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының кепіліне айналған басты құжат өз миссиясын адал атқарып келеді.

Конституцияның алғы сөзінде былай деп жазылған: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Аталмыш құжаттың кіріспесінен ақ елімізді мекендеген барлық ұлттарды тең көріп, бір біріне құрметпен қарайтынын, ел тыныштығын жоғары бағалайтынын көрсеткен. Расында да жылдарға созылған ел тыныштығы мен бейбітшілік еліміздің қарыштап дамуына ықпал етіп отыр.

Сондай-ақ Конституцияның 1 бабы, 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Елдің басты байлығы адам екенін көрсету арқылы, еліміздің әрбір адамының құқығы мен бостандығын да кепілдендіріп тұрған осы құжат.

Ата заңымызға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгеріс енгізілген. Өзгеріс арқылы Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті; Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі; Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;  Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады; Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ; Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады; Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды; Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді; Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды. Мұның барлығы уақыт сұрынысынан туыпдап отырғандықтан, қайта қоғамның өзгеруіне оң ықпал етті дей аламыз! Ата Заңымызды мақтаныш етіп, ел бірлігін нығайтудағы әсері, заңнамамыздың тірегі болып отырғанын атап өту керек!

Судья Сембаев Данияр Казалиевич
Әуезов аудандық сотының судьясы

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...