Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы орнықты тәуелсіз мемлекетті құрудың, еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен жаңа құқықтық кеңістікті қалыптастырудың берік нормативтік тұғырына айналды.
Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады. Конституция адамның жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалатын маңызды құжат. Конституция елімізде азаматтық қоғамның орнығуы мен құқық үстемдігінің бекуіне барынша ықпал етіп, тиімді билік жүйесінің қалыптасуы мен ұлттық заңнаманың дамуын және басқа да қоғамдық институттардың сындарлы жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін нормативтік негізі мықты, өміршең де маңызды құжат екендігі бүгінгі таңда мойындалған ақиқат.
Ата Заңымызды Мәңгілік Ел идеясын орнықтыруға бет түзеген, тәуелсіздіктің жасампаз рухы салтанат құрған еліміздің берік тұғыры десек, оның кемелділігінің өзек-арқауы бүгінгі таңдағы қоғамдық қатынастың сан-салалы мәселелерінде экономикалық-әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан дамып, өркендеуіміздің нәтижесіне тікелей байланысты.
Қазақ жерінде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің этностық, діни және өзге де сипатына, әлеуметтік тегіне қарамастан, барлығының тең жағдайда өмір сүруі туралы ереже Ата Заңымыздың басты өзегі болып табылады. Ата Заңның алғы сөзінде “Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…” деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде жатыр.
Ата Заң адамның құқығы мен бостандығын қорғау мен іске асыру, материалдық әл-ауқатын жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудың, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың міндетті түрде орындалуға тиісті шарты болып табылады. Қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, патриотизм мен экономикалық даму, мемлекет өмірінің өзекті мәселелерін демократиялық әдістермен шешу сияқты ел өмірінің аса маңызды түбегейлі қағидаттары осы Конституциямызда қамтылған.
Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсетушісі – Ата Заңы болып табылатындықтан, бұл идеяның мен¬шікке, азаматтардың құқықтары мен бостан¬дық¬тарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Конституцияны бірауыздан қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын іске асырды. Осылайша, біз Ата Заңда негізі қаланған құқықтық мемлекетті және аза¬маттық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық. Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция қабылдаумен ғана тиянақ¬тал¬майды. Ол мемлекеттің аса маңызды мәсе¬ле-лерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық-құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтап, қарастырады.
Кез келген демократиялық мемлекет¬тің таңдаған өркениетті бағыты бойынша дамуына ықпал ететін заңды іргетасы – Конституциясының болуы міндетті және онда айтылғандарды бұлжытпастан орындау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Дүние жү¬зін¬дегі елдердің бар¬лығында мемлекеттік басқару тетігі Конс¬титуция негізін¬де және соның ая¬сын¬да жұмыс істейді. Бұл кез келген құ¬қық¬тық мемлекеттің басты өмір¬лік нор¬ма-сы бо¬лып табылады. 1995 жылы қабылданған Қазақстанның қазіргі Конституциясы еліміздің мемлекеттік тәуел¬сіздігінің жаңа өрлеуін заңды түрде нығайтты. Бүгінде онда бекітілген нормалар, қағидаттар мен мемле-кет¬тік институттар тәжірибеден өтіп, табысты жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Қазақстандық қоғам өзінің қалаған дербес жолымен нық қадаммен дамуда.
Конс¬титуциямыз бойынша әлеуметтік мемлекет қағидаты негізделген әлеуметтік саясат – өзі¬нің табиғаты бойынша әлеуметтік тұрғыда қор-ғалмаған адам мен азаматқа жанашырлық білді¬ретін қайырымдылық қызмет емес. Бұл – азаматтардың әлеуметтік құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын мемлекеттің консти¬туциялық міндеті. Осы арқылы азаматтардың әділеттілік негіздегі құқықтары сақталып, мате¬риалдық құндылықтары қамтамасыз етіледі.
Адамды, оның өмірін, құқығы мен бостандығын конституциялық тұр¬ғыда мойындау мен қорғау ең жоғарғы құн¬ды¬лық болып табылады. Мемлекет үшін адамға деген қамқорлықтан, оның материалдық әл-ауқатын арттырудан басқа маңызды ештеңе жоқ, сондықтан да мемлекет адамдардың лай¬ық¬ты өмір сүруі үшін бәрін жасауға міндетті. Конституция бекіткендей, әлеуметтік мем¬лекет қоғамның әрбір мүшесінің жұмыссыз¬дық, мүгедектік, қарттық және жалғыздылық жағдайында денсаулығын, азаматтың және отбасының игілігін қолдау үшін күшті әлеуметтік саясатты жүргізуге тиісті.
Айта кету керек, адамның өмірге, еркін¬дікке және меншікке құқығы Қазақстан халқы қабылдаған Конституцияны сыйлау, өздері сайлаған Мемлекет басшысын құрметтеу және Отанды қорғау міндетімен ажырағысыз болып табылады. Мұның бәрі – азаматтардың конс-титуциялық міндеті. Адам өзінің Отанында ғана Азаматтығы арқылы адам болып қалып¬тасады. Бұны Конституциямыздың ІІ-тарауы “Адам және азамат” деп аталуынан-ақ білуге болады.
Конституция қоғамның орнықты дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуын қадағалап отырады. Конституциялық нормаларды іске асыру мен қадағалау біздің республика заңының дамуына бағытталады. Сондықтан да, Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады.
Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ.
Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселе¬лерін талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда, өз Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақ¬тауымыз біздің, яғни Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы.
Ақтөбе қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы Д.Б.Хамиев