12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата Заң – әділет пен заң үстемдігінің кепілі

Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында 1995 жылдың 30 тамызы – тарихи мәні зор белес. Осыдан 30 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум нәтижесінде еліміздің қазіргі қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси, құқықтық және қоғамдық негіздерін айқындаған, болашағы үшін берік бағдар сызған маңызды құжат болды.

Жалпы, Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданғанымен, ол өтпелі кезең талаптарына толық сай келмеді. Сондықтан 1995 жылғы жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында заңгер-ғалымдар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері белсенді атсалысты. Ата Заңымыз бүгінгі күнге дейін бірнеше рет жаңартылып, заман талабына бейімделіп келеді. Атап айтқанда, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары оған маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2022 жылғы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Конституцияның 33-бабына өзгеріс енді. Бұл реформалар суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшуге, Парламент пен азаматтардың рөлін күшейтуге, билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік жүйесін орнықтыруға бағытталды. Сонымен бірге, ең маңызды бағыттардың бірі – құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болды.

Ата Заңның 7-тарауы толықтай сот билігіне арналған. Конституцияның 75-бабында: «Республикада сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп анық жазылған. Бұл – сот билігінің дербестігін, тәуелсіздігін және басқа билік тармақтарынан оқшау әрекет ететінін көрсететін басты қағида. Сот төрелігі тек заңмен белгіленген тәртіппен, тәуелсіз судьялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл – елімізде әділет пен заң үстемдігінің орнауына берілген конституциялық кепіл.

Ата Заңның 76-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот жүйесі Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардан тұрады. Сонымен қатар, арнайы заңға сәйкес мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Сот жүйесінің біртұтастығы, сот актілерінің міндеттілігі, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың тек Конституция мен заңға бағынуы – демократиялық мемлекетке тән құқықтық қағидалар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында бұл мәселеге айрықша назар аударады: «Халық сотқа жүгінгенде, шын мәнінде әділ шешім шығатынына сенімді болуы керек. Сот төрелігінің сапасы – азаматтардың мемлекетке деген сенімінің негізі», – деген сөзі сот жүйесінің мән-маңызын терең аша түседі.

2023 жылдан бастап елімізде Конституциялық Сот қызметіне кірісті. Бұл – азаматтар үшін конституциялық құқықтарын қорғауда жаңа мүмкіндік. Бұған дейін Конституциялық Кеңеске тек шектеулі субъектілер ғана жүгіне алатын болса, енді қарапайым азамат та өз құқығының бұзылғанын сезінсе, Конституциялық Сотқа тікелей өтініш бере алады. Бұл – құқықтық мемлекеттің жаңа кезеңге қадам басқанын білдіреді.

Ата Заңның 13-бабында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар» делінген. Бұл норма – сот әділдігінің жалпыға ортақ және қолжетімді екенінің дәлелі. Сонымен қатар, 77-бапта судьялардың ешкімге бағынбайтыны, олардың қызметіне араласуға жол берілмейтіні нақты көрсетілген. Судьяның тәуелсіздігі – әділ шешімнің кепілі.

Қорыта айтқанда, сот билігі – Конституциямен айқындалған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғаны саналатын аса маңызды институт. Сот төрелігінің әділдігі мен қолжетімділігі – қоғамдағы сенім мен тұрақтылықтың тірегі. Сондықтан Ата Заңда белгіленген сот билігінің мызғымастығы – Қазақстанның болашаққа нық қадам басуына негіз болары сөзсіз.

Нұржан Қадірбек, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасы 

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...