12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата-ананың кәмелеткке толмаған баласына қатысты алименттік міндеттемелері

Отбасы – бұл сыйластық, ауызбіршілік, махаббат орнаған орта. Жанұядағы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, жауапкершілігі отбасы құндылықтарының бірі екені баршамызға мәлім.  

Алайда отбасындағы маңызды мәселелерге бей-жай қарап, өзіне заңмен жүктелген ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамай жүргендер саны қаншама. 

Ата Заңымыздың 27-бабында көзделгендей, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 

«Неке (ерлі-зайыптылық туралы) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін реттейді. 

Оған сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.

Бұл орайда заңнама ата-аналарға алдымен алимент төлеу туралы келісім жасасуға мүмкіндік береді.

Алимент төлеу туралы келісім міндетті түрде алимент төлеудің мөлшері, тәсілі мен тәртібін қамтуы тиіс.

         Алимент төлеу туралы келісімге сәйкес алимент мынадай тәсілмен:

— алимент төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестерде;

         — мерзімді түрде төленетін нақты ақшалай сомада;

  • біржолғы төленетін нақты ақшалай сомада;

         — мүлікті беру арқылы;

         — келісімге қол жеткізілген өзге де тәсілдермен (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) төленуі мүмкін.

         Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерінің үйлесімі көзделуі мүмкін.

Ескеретін жайт, алимент төлеу туралы келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

Ендеше, келісім болмаған ретте сот тәртібімен өндіріп алынатын алимент мөлшері қандай болмақ?

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын: бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бір бөлігі; екі балаға — үштен бір бөлігі; үш және одан да көп балаға тең жартысы мөлшерінде өндіріп алады.   

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Статистикалық мәліметтер алимент бойынша борышкерлердің басым бөлігі ер азаматтар екенін көрсетеді. 

Үлестік мөлшерде алимент төлеуге міндетті ер азаматтарымыздың басым көпшілігі алиментті аз мөлшерде төлеу мақсатында атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушыға ең төменгі жалақы мөлшері туралы анықтама табыстап отырған жағдайлар да аз емес. 

Мәселен, борышкер өз танысының немесе туысының жеке кәсіпкерлігіне тіркеліп, жалақысын 85 000 теңге етіп көрсетіп, ол бойынша алиментті бір балаға шамамен 19 125 теңге, екі балаға 25 500 теңге, ал үш және одан көп балаларға 38 250 теңге көлемінде төлеп отырады. Әрине бұл баланың ай сайынғы қажеттіліктеріне жеткіліксіз болары сөзсіз. 

Мұны алименттік міндеттемелер бойынша орын алған проблемалық мәселе десек те болады. 

Шынайы табысын жасырып жүрген осындай борышкерлерге қатысты қандай шара қолдануға болады деген заңды сұрақ туындайды.

Кодекстің 141-бабының талаптары негізінде ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін айқындауға құқылы.

Ер адамдардың өз балаларына алимент төлеуден жалтаруының келесі себебі ажырасқаннан кейінгі бұрынғы жұбайына деген өкпе-реніші, араларында орын алған конфликт жағдайы, сондай-ақ баласымен араласуына анасы тарапынан кедергі келтіруі болып табылады.

Дегенмен, обасындағы өзара түсініспеушіліктер мен ажырасудың салдары кәмелетке толмаған балаларына еш кесірін тигізбеуі қажет екенін әрбір ата-ана назарға алғандары дұрыс.  

Себебі бала – өмірдің гүлі, ата-ананың жанына шуақ сыйлайтын көз қуанышы.

Сондықтан келешек ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін балаға деген камқорлығымызды аямайық. 

Ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мерекелік медальмен марапатталды

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар...

Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет»...

В Алматы воспитанники детских домов осваивают профессии бесплатно

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» проходят бесплатные...

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері мамандықтарды тегін меңгеруде

Алматы қаласында «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне...