Ата-ана құқықтарын шектеу және баланың мүдделерін қорғау жайлы

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға бағытталған шара. Ал баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Тақырыпқа сәйкес тоқталсақ, елімізде ата-ана құқықтарын шектеу негіздері, шарттары Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің (әрі қарай –Кодекс) 79-бабымен көзделген.

Осы Кодекстің нормаларына сәйкес, сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығара алады.

      Ал, ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастыратын болады.

Егер баланың ата-аналарымен қалуы:

      — ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша;

      — ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.

      Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беруге міндетті болады. Мысалы, мұндай жағдайлар баланың ата-анасы спирттік ішімдіктерге немесе есiрткi заттарға салынып, дұрыс жолға түспеуі cалдарынан болып жатады.

         Әрине, бала үшін ең қауіпсіз орта ең алдымен өз отбасында қалыптасуы тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда ата-ананың өз міндеттерін тиісті, қажетті деңгейде орындамауы немесе отбасындағы жағдайлардың балаға кері әсер етуі оның құқықтары мен мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін. Міне, осындай жағдайда заңнамамен ата-ана құқықтарын шектеу шарасы көзделген.

Заң талаптарына сәйкес, ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты сотқа баланың жақын туыстары және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сонымен қатар прокурор беруге құқылы.

Ата-ана құқықтарын шектеу салдарынан, сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналар баланы жеке өзi тәрбиелеу құқығынан айрылатын болады.  Алайда, ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерден босату деген сөз емес.

      Сотпен ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстерді қарау барысында сот отырысына қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілі міндетті түрде қатысуға жатады. Ал, ата-аналарының екеуiнiң де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына берiлетін болады.

Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуге құқылы, яғни аталған мәселе соттың құзырына кіреді.

         Әйткенде де, соншалықты бәрі жаман емес. Өйткені ата-ана құқықтарын заң талаптарына сәйкес қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін, егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың талабы бойынша баланы ата-аналарына қайтарып беруі мүмкін.

         Қорытындылай келе, отбасы әр адамның өмірінде ерекше маңызды орын алады. Әр отбасының көркі, сәні балалар. Еліміздегі әр бала өз ата-анасының жанында жылулық пен махаббатқа толы отбасыда бақытты өмір сүрсе екен дейміз.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі басшысының орынбасары Самат Әбілдаев

Бокаев навязывал профсоюзу поставщиков без обсуждения альтернатив – эксперт в суде

В Алмалинском суде продолжился допрос главного менеджера Департамента управления...

Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...